15 желтоқсан 2020 11:46

Трамп АҚШ бас прокурорының отставкаға кететінін мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ президенті Дональд Трамп бас прокурор Уильям Баррдың отставкаға кететінін мәлімдеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


АҚШ президенті Дональд Трамп бас прокурор Уильям Баррдың отставкаға кететінін мәлімдеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Трамп министрмен өте жақсы қарым-қатынаста болғанын және ол жемісті еңбек еткенін атап өтті.

"Ақ үйде бас прокурор Билл Баррмен жақсы кездесу өтті. Біз өте жақсы қарым-қатынаста болдық, ол өнімді еңбек етті. Отставкаға кету туралы хатқа сәйкес Билл Рождествоның алдында жұмыстан кетіп жатыр. Ол бұл мерекені отбасымен бірге атап өткісі келеді", - деді Трамп хабарламаға өтініш көшірмесін тіркеп.

Барр 23 желтоқсанда қызметінен кететінін жазды.

Уильям Барр 2019 жылдың ақпанынан бастап АҚШ Бас прокуроры қызметін атқарды, әрі АҚШ-тың әділет министрі болды.

Сонымен қатар, ол 1991-1993 жылдары президент Джордж Буштың қарамағында жұмыс істеген. Бас прокурордың уақытша міндетін қазіргі бірінші орынбасары Барр Джефф Розен атқарады.

Баррдың отставкаға кеткені туралы ақпарат АҚШ сайлау коллегиясының мүшелері Джо Байденді жаңа мемлекет басшысы етіп сайлағаннан соң
жарияланды. Осыған дейін Барр сайлауда заңбұзушылықтар болмағанын мәлімдеген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети