АҚШ-тағы атыстар психикалық аурулардың себебінен болған. Бұл туралы америкалық президент Дональд Трамп мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости тілшісі WHIO сайтына сілтеме жасап.
АҚШ-тағы атыстар психикалық аурулардың себебінен болған. Бұл туралы америкалық президент Дональд Трамп мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости тілшісі WHIO сайтына сілтеме жасап.
Ақ үйдің басшысы оқ атқан адамдарды "психика тұрғысынан қатты ауру" деп атады. Оның айтуынша, жаппай атыс ұйымдастыру мәселесі жылдар бойы шешілмей келеді және оны тоқтату қажет.
Еске салсақ, АҚШ-та өткен тәулікте үш рет жаппай атыс болды. Алдымен төтенше жағдай Техас штатындағы Эль Пасо қаласының сауда орталығында болды. Атыс салдарынан 20 адам қаза тапты. Оқ атқан 21 жастағы ер адам болып шықты, ол тәртіп сақшыларына өзі берілді. Кейін Огайо штатындағы Дейтон қаласында атыс болып, салдарынан он адам қаза тапты, тағы 16 адам зардап шекті. Кейін жаппай атыс ұйымдастырған ер адамның қарындасы құрбандардың арасында болғаны белгілі болды. Атыс Ned Peppers барының маңында болған. Сондай-ақ, қылмыскерді мекемеге кіргізбей қойғаннан кейін ол атыс шығарғаны белгілі.
Үшінші оқиға Чикагодағы балалар алаңында болды, нәтижесінде жеті адам жараланды. Қара Chevrolet Camaro мінген шабуылдаушының ұсталғаны туралы ештеңе хабарланбады.