Огайода атыс шығарған жігіттің қарындасы қаза тапқан

05 Тамыз, 09:09
0
Огайода атыс шығарған жігіттің қарындасы қаза тапқан - © REUTERS/Bryan Woolston
© REUTERS/Bryan Woolston

Огайо штаты Дейтон қаласында жаппай атыс ұйымдастырған ер адамның қарындасы құрбандардың арасында болған. Бұл туралы жергілікті полиция өкілі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Fox News жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Полиция оқ атқан адамның кім екенін анықтады, ол Беллбрук қаласының 24 жастағы тұрғыны Коннор Беттс болып шықты. Қайтыс болған адамдардың арасында оның қарындасы да болды, ол 22 жастағы Меган Беттс. Қыз ол кезде досымен болған, ол шабуыл салдарынан жарақат алды. 

Еске салсақ, 4 тамызда АҚШ-тың Огайо штатындағы Дейтон қаласында Ned Peppers барының жанында ер адам атыс шығарды. Кейін оны мекемеге кіргізбей қойғандықтан ол атыс шығарғаны белгілі болды. Салдарынан кем дегенде тоғыз адам қаза тауып, 16 адам жараланды. Зардап шеккендердің барлығы жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді, олардың жағдайы туралы ақпарат әзірге жоқ.

Получить короткую ссылку

Тегтер:

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай