Трамп АҚШ-тағы атысты психикалық аурумен байланыстырды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Трамп АҚШ-тағы атысты психикалық аурумен байланыстырды © РИА Новости / Илья Питалев

АҚШ-тағы атыстар психикалық аурулардың себебінен болған. Бұл туралы америкалық президент Дональд Трамп мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости тілшісі WHIO сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-тағы атыстар психикалық аурулардың себебінен болған. Бұл туралы америкалық президент Дональд Трамп мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости тілшісі WHIO сайтына сілтеме жасап.

Ақ үйдің басшысы оқ атқан адамдарды "психика тұрғысынан қатты ауру" деп атады. Оның айтуынша, жаппай атыс ұйымдастыру мәселесі жылдар бойы шешілмей келеді және оны тоқтату қажет.

Еске салсақ, АҚШ-та өткен тәулікте үш рет жаппай атыс болды. Алдымен төтенше жағдай Техас штатындағы Эль Пасо қаласының сауда орталығында болды. Атыс салдарынан 20 адам қаза тапты. Оқ атқан 21 жастағы ер адам болып шықты, ол тәртіп сақшыларына өзі берілді. Кейін Огайо штатындағы Дейтон қаласында атыс болып, салдарынан он адам қаза тапты, тағы 16 адам зардап шекті. Кейін жаппай атыс ұйымдастырған ер адамның қарындасы құрбандардың арасында болғаны белгілі болды. Атыс Ned Peppers барының маңында болған. Сондай-ақ, қылмыскерді мекемеге кіргізбей қойғаннан кейін ол атыс шығарғаны белгілі

Үшінші оқиға Чикагодағы балалар алаңында болды, нәтижесінде жеті адам жараланды. Қара Chevrolet Camaro мінген шабуылдаушының ұсталғаны туралы ештеңе хабарланбады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.71  course up  591.04  course up  6.66  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети