Трамп Иранмен бітімді тағы бірнеше күнге ұзартуға дайын - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Трамп Иранмен бітімді тағы бірнеше күнге ұзартуға дайын - БАҚ Фото:depositphotos.com/ thenews2.com

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен арадағы атысты тоқтату режимін тағы бірнеше күнге ұзартуға дайын. Бұл туралы америкалық үш шенеунікке сілтеме жасап Axios басылымы жазды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен арадағы атысты тоқтату режимін тағы бірнеше күнге ұзартуға дайын. Бұл туралы америкалық үш шенеунікке сілтеме жасап Axios басылымы жазды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Трамп Тегеранға бітімді тағы үштен бес күнге дейін ұзартуға дайын, алайда бұл кезең шексіз болмайды", - деді шенеуніктердің бірі.

Ол АҚШ Иранға оның басшылығы нақты қарсы ұсыныс әзірлеп, келісуі үшін қысқа мерзімді мүмкіндік беруді көздеп отырғанын қосты.

Ал Иран СІМ ресми өкілі Эсмаил Багаи Тегеран АҚШ-пен келіссөздердің жаңа кезеңіне қатысу-қатыспау туралы шешімді әлі қабылдамағанын мәлімдеді. Сондай-ақ ол Вашингтонды жүйесіз және адал емес деп айыптап, АҚШ "ұстанымын үнемі өзгертіп", өз әрекеттерімен дипломатиялық процеске нұқсан келтіретінін атап өтті.

Иран СІМ өкілі келіссөздер туралы шешім елдің ұлттық мүдделері ескеріле отырып, кейінірек қабылданатынын баса айтты.

Еске сала кетейік, бұған дейін Трамп Иранмен арадағы бітімді оның "басшылары мен өкілдері ортақ ұстанымға келгенше" ұзартты. Америка көшбасшысының айтуынша, Иранға соққы беруді тоқтата тұруды Вашингтон мен Тегеран арасындағы келіссөздерде делдал болып отырған Пәкістан билігі сұраған. Сондай-ақ "Иран үкіметінің іштей қатты жікке бөлінуі" де ескерілген.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 461.92   542.38   6.16 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер