28 сәуір 2020 09:27

Трамп Ким Чен Ынның денсаулық жағдайын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп КХДР басшысының денсаулық жағдайы қалай екенін білетінін мәлімдеді, бірақ ол туралы журналистерге айтудан бас тартты, - деп хабарлайды РИА Новости.


АҚШ президенті Дональд Трамп КХДР басшысының денсаулық жағдайы қалай екенін білетінін мәлімдеді, бірақ ол туралы журналистерге айтудан бас тартты, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Сіздерге нақты айта алмаймын... Менің өте жақсы идеям бар, бірақ қазір ол туралы айта алмаймын. Мен тек оған барлық жақсылықты тілеймін... Жағдайы жақсы деп үміттенемін. Ол өзін қалай сезінетінін білемін. Мұны жақын арада сіздер де білесіздер", - деді Трамп баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін шетелдік БАҚ-та КХДР басшысы Ким Чен Ынның қайтыс болғаны туралы қауесет тараған болатын. 

Артынша Оңтүстік Корея президентінің халықаралық қарым-қатынас және ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Мун Чжон Ин КХДР басшысының тірі және аман-сау екенін мәлімдеген еді. Оның айтуынша, Ким Чен Ын 13 сәуірден бері Вонсан ауданында.   

27 сәуірде Ким Чен Ынның атынан екі хабарлама жіберілген: ОАР президенті Сириле Рамафосені құттықтау және "Вонсан-Кальма" туристік кешенінің құрылысшыларына алғыс хат. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети