Трамп пен Макрон еккен "Достық емені" қурап кетті

09 Маусым, 09:51
0
Трамп пен Макрон еккен "Достық емені" қурап кетті - © AP Photo / Andrew Harnik
© AP Photo / Andrew Harnik

Өткен жылдың сәуір айында АҚШ президенті Дональд Трамп пен Франция көшбасшысы Эммануэль Макрон отырғызған емен қурап кетті, - деп хабарлайды Monde.

Эммануэль Макрон 2018 жылдың сәуір айында АҚШ-қа мемлекеттік сапармен барған. Ол екі ел арасындағы қарым-қатынастардың 250 жылдығына орайластырылды. Сапар барысында екі елдің көшбасшылары Ақ үйдің бағына Францияның солтүстігінен әкелінген "Достық емені" көшетін отырғызды. Француз көшбасшысының пікірінше, емен екі елдің ұзақ қарым-қатынастарының символы болуы керек еді.

"Дональд Трамп пен Эммануэль Макрон отырғызған жас емен ағашы қурап кетті", - деп жазды газет.

Figaro газеті Monde ақпаратын растады және емен ағашын отырғызғаннан кейін Құрама Штаттарда енгізген карантиндік фитосанитарлық бақылауға шыдамағанын айтқан. Бұл аурулардың таралуын болдырмау үшін жасалды.

Басылым мәліметігше, ауыл шаруашылығы министрлігіне тәуелді АҚШ-тың кедендік және шекара қызметі аурулар таралуын болдырмау немесе жәндіктердің инвазивті түрлерінің импортын болдырмау үшін өсімдіктер, тұқым және тіпті топырақ импортына қатысты карантин орнататын көрінеді. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай