АҚШ президенттігіне үміткер республикашыл Дональд Трамп сайлауды өткізбей-ақ өзін президент етіп тағайындауды ұсынды. CNN телеарнасының мәліметінше, Трамп Огайо штатындағы өз жақтастарының алдында сөйлеген сөзінде осы ұсынысты айтқан, сонымен қатар негізгі тақырыптардың бірі елдегі салық мәселесі болған, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Біздің басты жоспарымыздың бірі жүмыс күшін арттыру, сол үшінде кісіпкерлікке салынатын 35 пайызды 15 пайызға төмендетуді көздеп отырмыз. Хилари Клинтон оны 45 пайызға көтеруді жоспарлап отыр. Үлкен айырмашылық. Өзімше ойладым қазір, біз сайлауды өткізбей, жеңісті Трампқа бере салу керек, дұрыс емес пе? Біз бұл сайлауды не үшін өткізіп жатырмыз? Оның (Клинтон - авт. сөзі) саясаты өте нашар", - деді Трамп.
АҚШ-та президент сайлауы 8 қарашаға бекітілген.
ФТБ директоры Джеймс Комидың айтуынша, істе жаңа материалдар пайда болып, бюро Клинтонның жеке хаттарының тағы біразын қарауға алады. Әзірге материалдардың маңыздылығы мен тергеу қанша жалғасатыны белгісіз. 2015 жылдың наурыз айында Клинтон жеке электронды жәшігі арқылы хабар алмасқан. Кейін саясаткер ФБР-ге хаттарды тапсырғанымен, жеке сипатта болған деп 30 мыңға жуығын жойып жіберген.