06 қаңтар 2021 14:38

Трампқа Шотландияға келуге тыйым салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трампқа Джо Байденнің инаугурациясына дейін Шотландияға келуге тыйым салынды, - деп хабарлайды Daily Mail.


АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трампқа Джо Байденнің инаугурациясына дейін Шотландияға келуге тыйым салынды, - деп хабарлайды Daily Mail.

Шотландияның бірінші министрі Никола Стерджен нақты бір себеп болмаса, елге кіріп-шығу заңсыз екенін және  Атлантик арқылы келсе, коронавирусқа байланысты шектеулерді бұзатынын мәлімдеген.

БАҚ Дональд Трамптың Эйрширдегі өзінің "Тернберри" гольф-клубына баруды жоспарлағанын жазды. Ол Джо Байденнің ант қабылдауынанан бір күн бұрын - 19 қаңтарда Шотландияға ұшуы керек еді.

"Мен Дональд Трамптың келудегі мақсаты не екенін білмеймін. Біз адамдарға Шотландияға қандай да бір мақсат болмаса, келуге рұқсат етпейміз. Бұл басқаларға қалай қатысты болса, оған да қатысты. Гольф ойнауға келу маңызды себеп емес деп есептеймін", - деді премьер-министр Стерджен. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети