19 наурыз 2018 17:10

Трамптың қызы мен күйеу баласы отырған тікұшақтың қозғалтқышы істен шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

АҚШ президенті Дональд Трапмтың қызы Иванка мен оның жолдасы Джаред Кушнер отырған тікұшақтың қозғалтышында ақау пайда болып, Вашингтондағы әуежайға қонуға мәжбүр болған. Бұл туралы CNN телеарнасы құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап хабарлайды. 

Телеарна мәліметінше, оқиға 15 наурызда болған, алайда ол туралы тек қазір белгілі болған. CNN мәліметінше, Трамптың қызы мен күйеу баласы қауіпсіздік қызметінің өкілдерімен бірге Вашингтоннан Нью-Йоркке ұшып бара жатқанда қозғалтқыштардың бірі істен шыққан. Әуежайға қайтып келген Иванка мен Кушнер Нью-Йоркке комерциялық рейспен ұшып барған. 

Негізінде олар Манхэттендегі айлаққа қонуды жоспарлаған. Бұл кімнің тікұшағы және олардың Нью-Йоркке неліктен ұшақпен емес тікұшақпен ұшпақшы болғаны белгісіз. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети