1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Түркия әскері Әзербайжанда қанша уақыт болатыны айтылды 22 қараша 2020, 17:04

Түркия әскери күштері Ресей Федерациясымен бірлесе Таулы Қарабақтағы қақтығысты тоқтату барысын бақылау орталығында бір жыл жұмыс істейді. Бұл
Сурет: РИА Новости Сурет: РИА Новости

Түркия әскери күштері Ресей Федерациясымен бірлесе Таулы Қарабақтағы қақтығысты тоқтату барысын бақылау орталығында бір жыл жұмыс істейді. Бұл туралы Түркия Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Сенбіде Түркия Қорғаныс министрлігінің басшысы Хулуси Акар құрлық әскері дайындықты аяқтағанын және түрік әскери күштері жақын арада Әзербайжанға аттанатынын хабарлады. 

"Біздің әскерилер бір жыл бойы Ресей Федерациясымен (Таулы Қарабақ бойынша) бірлескен орталықта жұмыс істейді", - деп хабарлады Түркия қорғаныс министрі.

Түркия президенті Ердоған 11 қарашада Анкара мен Мәскеу Қарабақтағы бітімді бақылау орталығы туралы меморандумға қол қойғанын, олар "бірлескен бітімгершілік миссиясына" қатысатынын айтқан болатын. Бұған дейін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Мәскеу мен Анкара Әзербайжан аумағындағы мониторинг орталығы арқылы Қарабақта жұмыс істейтінін және "бірлескен бітімгершілік күштер туралы әңгіме болмағанын" мәлімдеген.

Ресей, Әзербайжан және Армения басшылары Владимир Путин, Ильхам Әлиев және Никол Пашинян 10 қарашада Таулы Қарабақтағы әскери операцияларды толық тоқтату туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Мәлімдемеге сәйкес, бірқатар аудан Әзербайжанның бақылауына өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!