13 мамыр 2022 09:15

Түркия бизнесі Ресейге қарсы санкцияларды қолдай бастады - БАҚ

© elements.envato.com © elements.envato.com

Turkish Airlines компаниясы мен бірнеше интернет-дүкен санкцияларға байланысты "Мир" картасымен төлем қабылдауды тоқтатқан. Бұл мәселеге "Известия" басылымы назар аударған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Turkish Airlines компаниясы мен бірнеше интернет-дүкен санкцияларға байланысты "Мир" картасымен төлем қабылдауды тоқтатқан. Бұл мәселеге "Известия" басылымы назар аударған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгінде Turkish Airlines компаниясынан билет сатып аларда "Мир" Сбербанк, ВТБ және "Тинькофф" карталарымен төлем жасайтын кезде жүйе клиентті несие ұйымына жүгінуді немесе басқа әдістерді қарастыруды сұрайтын болған. Кейбір қолданушы билетті UnionPay жүйесі арқылы төлеп сатып алып жатыр. 

"Мир" картасымен төлеу мүмкін емес екенін эмигранттар  әлеуметтік желіде жазып жатыр. Мысалы, ресейлік әйел Trendyol қосымшасында онлайн сатып алу мүмкін болмай отырғанын жазған. Евгений есімді қолданушы Түркияда "Мир" карталары жұмыс істемейтінін, басқа адамға ақша жіберу мүмкін емес екенін айтады. 

Тағы бір ресейліктің сөзінше, Pegasus Airlines компаниясы тек түрік карталарымен төлем қабылдайды екен, ал "Мир" және UnionPay арқылы төлем жасау мүмкін емес. Оның сөзін дәл сондай проблемамен кезіккен қолданушы растап отыр. "Наурызда "Пегасустан" алған билетімді төлемек болдым, "Мир" картасы арқылы төлей алмадым", - дейді ол. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети