04 қараша 2022 14:53

Түркия Финляндия мен Швецияның НАТО-ға қосылуын қолдамайды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:nato.int Фото:nato.int

Түркия Финляндия мен Швецияның Солтүстік Атлантикалық альянсқа (НАТО) кіруін қолдамайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW сайтына сілтеме жасап.


Түркия Финляндия мен Швецияның Солтүстік Атлантикалық альянсқа (НАТО) кіруін қолдамайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW сайтына сілтеме жасап.

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлумен өткізген ортақ баспасөз мәслихатында Швеция мен Финляндияның НАТО-ға тезірек қабылдануы керектігін және Түркияның Солтүстік Атлантикалық альянсқа кіру талаптарын орындап қойғанын айтты.

"Финляндия мен Швецияны НАТО-ның толыққанды мүшелері ретінде қарсы алатын уақыт келді, бұл ұйымның өзін нығайтады және оған кіретін барлық елдердің қауіпсіздігін арттырады", - деді Столтенберг.

НАТО бас хатшысы 4 қараша, жұма Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен екі елдің альянсқа қосылу мәселесін талқылайтынын айтты.

Мевлют Чавушоглу Йенс Столтенбергке Түркия мен Швеция арасындағы қарым-қатынаста ілгерілеушілік байқалғанымен, екі ел арасында шешілмеген мәселе көп екенін, олардың НАТО-ға қосылуын қолдай алмайтынын айтты. Оның айтуынша, Финляндия мен Швеция Анкара қойған барлық талаптарды әлі орындамаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети