14 ақпан 2016 09:30

Түркия Сирияға шабуыл жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Түрік артиллериясы сириялық армияның Латакия провинциясының солтүстік-батысында, күрттер босатқан Миннех және сириялық Алеппо Алеппо қаласының солтүстігіндегі позицияларына, сонымен қатар Алеппоның солтүстігіндегі Дейр-Джамал қаласына оқ атылды. Бұл туралы РИА Новости сенбі күні кеште әскери дереккөзге сілтеме жасай отырып хабарлады. 


Түрік артиллериясы сириялық армияның Латакия провинциясының солтүстік-батысында, күрттер босатқан Миннех және сириялық Алеппо Алеппо қаласының солтүстігіндегі позицияларына, сонымен қатар Алеппоның солтүстігіндегі Дейр-Джамал қаласына оқ атылды. Бұл туралы РИА Новости сенбі күні кеште әскери дереккөзге сілтеме жасай отырып хабарлады. 

Осындай оқиғаны түрік билігіндегі дереккөз Reuters агенттігіне де айтып берген. Ал түріктің мемлекеттік агенттігі Anadolu өзінің әскери дереккөзіне сілтеме жасай отырып, Түркия қарулы күштерінің сириялық армияның минометпен ашқан соққысына жауап ретінде сириялық үкімет жасағына оқ атқанын хабарлады.  

Дереккөздің мәліметінше, сириялық жасақтар Сирияның солтүстік бөлігіндегі шекарасындағы Хатай елді мекенінде түрік полицейлеріне оқ ашқан. Агенттіктің дереккөзі Түркияның нақты қандай соққымен жауап бергенін хабарламай отыр, - деп жазады РБК.

Түркияның премьер-министрі Ахмет Дәуітоғлы күрдтердің позициясына соққының жасалғанын растады. Ол түрік армиясының сириялық күрдтердің "Демократиялық одақ" партиясына қарсы әскери операция жасай алатынын айтты, себебі Анкара бұл партияны лаңкестік деп санайды. Дәуітоғлы сириялық күрдтерді Азаз қаласының маңындағы территориядан шұғыл кетуге шақырды. 

"Біз олардың әрбір басқан қадамы үшін кек аламыз", - деп мәлімдеді Дәуітоғлы түрік телеарналарының біріне берген сұхбатында. 

"Кеше және бүгін террорлық ұйым ресейлік бомбалаушылардың қолдауымен Азаз қаласына шабуыл жасады... Осы шабуыл кезінде біздің шекарамызға қауіп төнді, бұған шұғыл ереже қолдану қажет болды. Біздің тарапымыздан қажетті жауап берілді. Джо Байден телефон арқылы тілдескісі келді, оның барысында мен оның есіне мұндай ұйымдардың ашық қатер салып, түсіндірдім. Біз оларға қарсы шара қолданамыз", - деп келтіреді РЕН ТВ телеарнасы Дәуітоғлының сөзін. 

"Біз Иракта қолданған шараларды Сирияда да қажет болса қолданамыз", - деп келтіреді Түркия премьер-министрінің сөзін Agence France-Presse. Ол кезде 2015 жылы Түркия әуе күштері Күрдстанның Жұмысшылар парттиясының позицияларына соққы жасаған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети