1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Түркия тұрғындары бензинге кезекке тұрды 25 қараша 2021, 13:51

Түркияда лира рекордтық деңгейге дейін құлдырап, жанармай бағасының күрт көтерілуіне байланысты мыңдаған тұрғын жанармай құю бекеттерінде кезекке
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Түркияда лира рекордтық деңгейге дейін құлдырап, жанармай бағасының күрт көтерілуіне байланысты мыңдаған тұрғын жанармай құю бекеттерінде кезекке тұрды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметінше, елдің энергетикалық, бензинмен, газбен жабдықтау станцияларының жұмыс берушілер одағы (EPGIS) ертеңнен бастап бензин, дизель отыны және сұйытылған газ бағасы орта есеппен 1,02 лираға қымбаттайтынын мәлімдеді, осыған орай жанармай құю бекеттерінде кезек пайда болды.

"Бензин сатып алу үшін 20 минут күттім. Бұл не сұмдық? Түркияны олар осындай жағдайға алып келді. Тағы не дей алам?"- деді автокөлік жүргізушісі Ибрахим Өзтүрік.

БАҚ жанармай бекеттеріндегі ұзын-сонар кезек пен автокөлік иелері арасындағы қақтығыстар туралы хабарлады.

Агенттік ел азаматтары Түркияның мұндай ақша-несие саясаты сөзсіз инфляциялық спиральдың тағы бір айналымын тудырып, баға өсуін жеделдетеді деп қорқады.

Нәтижесінде, Ыстамбұлда бір литр бензин үшін орташа есеппен 9,66 лира, бір литр дизель отыны үшін 9,77 лира төлеуге тура келеді.

Лира түрік ұлттық валютасының АҚШ долларына қатысты бағамы Нұр-Сұлтан уақытымен 12.25-те 12,16 болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram