08 қыркүйек 2020 09:17

Түркияда автобус салонында тұруға тыйым салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Түркияда қоғамдық көлікте тұрып жол жүруге тыйым салынды. Мұндай шешім коронавирус жұқтырғандар саны көбеюіне байланысты шығарылды. Бұл туралы республика президенті Режеп Ердоған айтты, - деп хабарлайды РИА Новости

"COVID-19 жұқтырғандар көбейіп жатыр. Соған байланысты пандемияға қарсы шаралар күшейтіледі. Дәмхана мен мейрамханалар да қатаң бақылауға алынады. Қоғамдық көлікте тік тұруға болмайды", - деді Ердоған Анкарада сөйлегенде.

Бұған дейін Түркия денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджаның сөзінше, Түркияда екінші рет жаппай жұқтырғандардың көбеюі күрт өсті. Соңғы күндері тәулік ішінде жұқтыру мен өлім саны өсімі мамыр мен маусымнан кейін бірнеше рет тіркелді. 

Түркиядан пандемия басталғалы 282 мың адам коронавирус жұқтырған. 6,7 мың науқас қайтыс болды, 252 мыңы аурудан айықты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети