05 шілде 2022 14:58

Түркияда азық-түлік бағасы бір жылда екі есеге жуық өсті - статистика

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Түркияда өткен айда инфляция деңгейі 80 пайызға дейін өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.


Түркияда өткен айда инфляция деңгейі 80 пайызға дейін өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Түркия статистика институтының мәліметі бойынша, баға бір жылда мамырда 73,5 пайыздан маусымда 78,6 пайызға дейін өсті, бұл 1998 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш.

Жылдық бағаның күрт өсуі көлік секторында - 123,37 пайыз, одан кейін азық-түлік пен алкогольсіз сусындардың бағасы - 93,93 пайыз.

Алайда оппозициялық заң шығарушылар мен экономистер Түркия статистика агенттігі деректерінің сенімділігіне күмән келтірді, өйткені түріктер инфляция ресми мәліметтерге қарағанда әлдеқайда жоғары деп санайды.

Түркияда ENАG тәуелсіз экономистер тобы жариялаған ай сайынғы есепте маусымда тұтыну бағасы өткен жылмен салыстырғанда 175 пайызға өскені көрсетілген. Ыстамбұл сауда палатасы да Түркияның ең ірі қаласында инфляция жылдық есептеуде 94 пайызға жетті деп хабарлады.

Түркияның басты оппозициялық партиясының жетекшісі Кемал Кылычдароглу мемлекеттік статистика агенттігін "жалған айтты" деп айыптап, президент Ердоғанның мүддесі үшін қылмыс жасауды тоқтатуға шақырды.

Бұған дейін Түркияда жылдық инфляцияның 1998 жылдан бергі ең жоғары деңгейге көтерілгені хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети