08 қыркүйек 2015 14:11

Түркияда содырлар шағын автобусты жарып жіберді: 10 полицей қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Түркияда Күрдістан жұмыс партиясының (КЖП) содырлары шағын автобусты жарып жіберді, салдарынан 10 полицей қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости.


Түркияда Күрдістан жұмыс партиясының (КЖП) содырлары шағын автобусты жарып жіберді, салдарынан 10 полицей қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Түркияда заңсыз деп танылған КЖП содырлары жолдың бойына жарылғыш зат қойған. Оны басып кеткен шағын автобус жарылды. Оның ішінде салондар болған. Оқиға Түркияның оңтүстік шығысындағы Игдир провинциясында болды. Әскерилер содырлардың көзін жою бойынша операция өткізіп жатыр.

Еске сала кетейік, 1 тамызда Догубаязи қаласының маңындағы полиция учаскесінде жарылыс болған еді. Кем дегенде екі әскери қызметкер қаза тауып, 24 адам зардап шекті. Полицияның болжамына қарағанда, жарылысқа Күрдістан жұмыс партиясы жауапты. Олар әскери полиция учаскесінің маңында 2 тонна жарылғыш зат сақталған тракторды жарып жіберді. 

Кейін тағы жеті адам Стамбұлдағы полиция бөліміндегі жарылыстан зардап шекті. Оқиға қаланың шығыс бөлігіндегі Сұлтанбейли ауданында болды. Полиция бөлімінде жарылыстан өрт шықты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети