07 ақпан 2023 09:20

Түркиядағы жер сілкінісі: көпқабатты ғимарат қираған сәт видеоға түсіп қалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияның Малатья қаласында көпқабатты ғимараттың қираған сәті видеоға түсіп қалған. Оқиға TRT Haber телеарнасының тілшісі аймақтағы жер сілкінісінің салдары туралы репортаж түсіріп жатқан кезде болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тілші Малатьядағы іздеу-құтқару операциясы туралы тікелей эфирде хабар таратып жатқан. Эфир барысында күтпеген жерден журналист ғимарат қирап жатқанын айтып айғайлап жіберген. Бұл сәт видеоға түсіп қалған.

Соңғы мәліметтер бойынша, Түркия мен Сириядағы жер сілкінісі құрбандарының саны 3800-ден асты. Түркияда дүйсенбі күні кешке 2379 адам қаза тауып, 14 483 адам зардап шекті. Сирияда кем дегенде 1444 адам қайтыс болды, 3530 адам зардап шекті.

6 ақпанда ел президенті Режеп Тайып Ердоған жер сілкінісіне байланысты Түркияда жеті күндік аза тұту жариялады.

Оның айтуынша, аза тұту жариялануына байланысты Түркия бойынша және елдің шетелдегі өкілдіктерінде мемлекеттік тулар жексенбі, 12 ақпанда күн батқанға дейін төмен түсіріледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети