Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Түркиядағы жер сілкінісінен 76 адам қаза болды 06 ақпан 2023, 12:06

Түркияның Табиғи апаттарды басқару басқармасы жер сілкінісінен 76 адам қаза тапқанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Түркияның Табиғи апаттарды басқару басқармасы жер сілкінісінен 76 адам қаза тапқанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жергілікті уақыт бойынша сағат 06:30-дағы ақпарат бойынша, Кахраманмараш, Газиантеп, Шанлыурфе, Диярбакыр, Адана, Адияман, Малатия, Османие, Хатай және Килис қалаларында 76 азамат қаза тауып, 440 азамат жарақат алды", - деп хабарлады ведомство.

Табиғи апаттарды басқару басқармасының барлық бөлімшелері, соның ішінде іздеу-құтқару жұмыстары да аймаққа жіберілген.

АҚШ Геологиялық қызметі 7,8 балдық жер сілкінісінің 6 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 04:17-де Газиантеп маңында 17,9 шақырым тереңдікте болғанын хабарлады. Түрік сейсмологтары жер сілкінісінің күшін 7,4 балл деп бағалады.

Жерасты дүмпулері ел астанасы Анкара мен Түркияның басқа қалаларында, сондай-ақ, Сирия мен Ливан сияқты елдің бірнеше аймағында сезілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram