1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Түркиядағы көмір шахтасында опат болған кеншілердің саны 200-ден асты 14 мамыр 2014, 10:16

Көмір шахтасында екі шақырым тереңдікте жүздеген түрік кеншісі ажал құшты.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

©shakhty.su ©shakhty.su

Түркиядағы көмір шахтасында болған апаттың салдарынан 200-ден астам кенші қаза тапты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ресейдің ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап. 

Соңғы ақпарат бойынша шахтада ажал құшқан кеншілердің саны 201 адамға жетті. Бұдан бөлек, жүздеген адам үйінділердің астында қалды. Бұл туралы Түркияның энергетика және табиғи ресурстар министрі Танер Йылдыз мәлімдеді.  

Кеше құрбандардың санына қатысты сан алуан мәліметтер болды. Т.Йылдыздың сөзіне қарағанда, апат кезінде жердің астында 787 кенші болған. Көмір шахтасы Стамбулдан 250 шақырым шалғай жерде Сома атты елді мекенде орналасқан. Кеншілер екі шақырым тереңдікте жұмыс істеді. Қазіргі ақпаратқа сәйкес, апат электр сымдардың тұйықталуынан болған. Оқиға орнында құтқару жұмыстары жалғасуда.



Join Telegram