02 тамыз 2021 16:03

Түрікменстан президенті дыбыстан асқан жылдам ұшақты сынап көрді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:turkmenistan.gov.tm Фото:turkmenistan.gov.tm

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Балқан уәлаятына (облыс) сапары кезінде әскери ұшақты сынақтан өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Золотой век" газетіне сілтеме жасап.


Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Балқан уәлаятына (облыс) сапары кезінде әскери ұшақты сынақтан өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Золотой век" газетіне сілтеме жасап.

Жаңа әскери ұшақтар тұрағына барар алдында Бердімұхамедов жаттығу жасап, велосипедпен серуендеген. Кейін президентке жаңа техниканың ерекшеліктері мен оның сипаттамалары баяндалыпты.

"Елдің Қарулы Күштерінің жоғарғы бас қолбасшысы ұшқыштардың арнайы киімін киіп, жаңа әскери ұшақтың тізгініне отырды. Мемлекет басшысы ұшу алдындағы шараларын мұқият орындады.

Бірнеше минуттан кейін реактив қозғалтқышы бар жауынгерлік машина әуеге көтерілді. Бірнеше секунд ішінде Мемлекет басшысы басқарған ұшақ қажетті биіктікке көтеріліп, бірнеше бұрылыс жасады", - деп жазады басылым.

Газет мәліметінше, Гурбангулы Бердімұхамедов тізгіндеген ұшақ заманауи турбореактив қозғалтқыштармен жабдықталған. Оның ұшу қашықтығы - 2 мың шақырым, максималды биіктігі - 13 мың 700 метр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети