Түрмеден қашқан экстремистер қазақ-қырғыз шекарасында іздестіріліп жатыр

20 Қазан 2015, 17:20
0
Түрмеден қашқан экстремистер қазақ-қырғыз шекарасында іздестіріліп жатыр -

Түрмеден қашқан қырғыздар Қазақстан-Қырғызстан шекарасында іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстанның ІІМ өкілдеріне сілтеме жасап.

Қырғызстанның ІІМ мәліметінше, шекара аймағындағы ауыл тұрғындарынан түрмеден қашқан қылмыскерлер Алтынбек Итибаев пен Еділ Әбдрахмановтың қырғыз-қазақ шекарасына жақын аумақта екендігі туралы хабар келіп түскен. Қазақстанның құқық қорғау органдары бұл жағдайдан хабардар екен. Қазіргі уақытта Қырғыз республикасының қарулы күштері шекаралас ауылдарды шарлап жатыр.

Еске салайық, бүгін ұстау кезінде милиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен Азамат Мусуралиевтің көзі жойылғаны еді. Бостандықта тағы екі экстремист жүр. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай