Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Түрмеден қашқан қазақстандықтар Қырғызстанда лаңкестік жасамақшы болған

02 Шілде 2015, 12:24
0
© gknb.gov.kg
© gknb.gov.kg

Түрмеден қашқан қазақстандықтар Қырғызстанда лаңкестік жасамақшы болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қырғыз Республикасының МҰҚК 2015 жылы 1 шілдеде арнайы операцияның жүргізілгенін растайды және діни-экстремистік, лаңкестік ұйымдардың қызметін анықтау, болдырмау және ескерту шарасы кезінде МҰҚК Қазақстан Республикасының екі азаматын анықтады, олар астыртын лаңкестік ұйымдардың мүшелері және Қырғыз Республикасының аумағында лаңкестік әрекет ұйымдастырмақшы болған. Олар - құқық қорғау органдары іздеу салған 1991 жылы туылған Абхин Альберт пен 1988 жылғы Әміров Жанболат", - делінген Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстан түрмесінен қашып шыққан қазақстандықтың ұстау кезінде өзін жарып жібергені хабарланған болатын. "Альберт Абхин кеше түнде Бішкекте өзін жарып жіберді. Қызметкерлер оны ұстауға тырысты, дегенмен онда жарылғыш зат болды. Қазір екінші қылмыскерді іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған барлық күш жұмсалады", - деді Қырғызстан МҰҚК баспасөз хатшысы Рахат Сүлайманов телефон арқылы.

Екінші лаңкес Жанболат Әміров әлі іздестіріліп жатыр. 

Жанболат Әміров.

"Ұлттық қауіпсіздік комитеті халықты қырағы болуға шақырады және бұл адамның қайда екенін білетіндер болса азаматтардан МҰҚК, ІІМ және ЖОМҚ-ға (Жазаларды орындау мемлекеттік қызметі - Авт.) хабарласуды сұраймыз. Аты-жөнді жасыруға болады", - делінген арнайы қызметтің хабарламасында.

МҰҚК баспасөз қызметіндегілердің хабарлауынша, Абхин мен Әміров 2014-2015 жылдары "Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту" және "Жалған құжат, мемлекеттік марапат, мөртаңба, бланкты заңсыз қолдану, жасау" баптары бойынша төрт жылға бас бостандықтарынан айырылған.

"Абхин мен Әміров 2015 жылдың сәуірінен бастап түрмеден қашты. Сонымен қатар, лаңкестік жасау мақсаттарына жетуді жалғастыра берді", - дейді МҰҚК мамандары.

Еске сала кетейік, 25 маусымда МҰҚК қызметкерлері түрмеден қашқан екі қылмыскерді ұстауға әрекет жасады. Олар жауап ретінде қарулы қарсылық көрсетіп, кейін жасырынып қалды. Қалада "Жедел ұстау" жоспары жарияланды.

 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай