Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Twitter директорлар кеңесі компанияның жаңа бас директорын тағайындады 30 қараша 2021, 09:03

Америкалық компания Twitter Inc. бұрынғы директор Джек Дорсидің отставкаға кеткенін растап, оның орнына Параг Агравал келетінін мәлімдеді, -
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Америкалық компания Twitter Inc. бұрынғы директор Джек Дорсидің отставкаға кеткенін растап, оның орнына Параг Агравал келетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Джек Дорси Twitter-де келесі жылдың мамыр айында компанияның директорлар кеңесінен кететіні туралы хат жариялады.

"Параг бүгіннен бастап бас директор қызметіне кірісті. Мен Параг пен директорлар кеңесінің жаңа басшысы Тейлорға өтпелі кезеңде көмектесу үшін келесі жылдың мамыр айына дейін директорлар кеңесінде жұмыс жасаймын. Содан кейін мен директорлар кеңесінен кетемін", - деп жазды Дорси.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram