25 мамыр 2020 13:00

Тыва басшысы COVID-19 жұқтырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото © РИА Новости Фото © РИА Новости

Тыва басшысы Шолбан Кара-оол "аса қауіпті вирус" жұқтырып, ауырып қалғанын ВКонтакте желісінде видеоүндеу арқылы айтты. Аймақ басшысының баспасөз хатшысы Долаана Салчук оның COVID-19 жұқтырғанын растады, - деп хабарлайды РИА Новости.


Тыва басшысы Шолбан Кара-оол "аса қауіпті вирус" жұқтырып, ауырып қалғанын ВКонтакте желісінде видеоүндеу арқылы айтты. Аймақ басшысының баспасөз хатшысы Долаана Салчук оның COVID-19 жұқтырғанын растады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Дереккөз мәліметінше, Кара-оолдан басқа тағы бірнеше шенеунік ауруханада жатыр.

"Біздің қызметкерлеріміз жатыр (ауруханада - ред. еск.). Вирус өте қауіпті, денсаулыққа айтарлықтай әсер етіп жатыр, бас ауырады, арамызда өкпесі қабынғандар да бар. Біреуінің ауруы жеңіл, басқа біреу жансақтау бөлімінде жатыр. Бірақ дәрігерлерге рақмет, жағдайымыз жақсы. Менің ауруым туралы ертелі-кеш белгілі болатынын білемін, бірақ мен қашықтан жұмыс істеуге тырысамын. Бұл сынақтан да өтерміз, бәрі жақсы болады", - деді Кара-оол.

Салчак басшының жағдайы жақсы екенін және дәрігерлер қарап жатқанын айтты. Тыва басшысының міндетін оның бірінші орынбасары Александр Брокерт атқарады.

Еске салайық, бұған дейін РФ премьер-министрі Михаил Мишустин, мәдениет министрі Ольга Любимова және құрылыс министрі Владимир Якушев коронавирус жұқтырған болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети