Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Украин әскері ресейлік шекара маңында үлкен шығынға ұшырады

11 Шілде 2014, 21:42
0
© Facebook/Соломия Витвитская
© Facebook/Соломия Витвитская
© EuroMaydan
© EuroMaydan
Ұрыс алаңы © twitter.com/RuPhotoMilitary
Ұрыс алаңы © twitter.com/RuPhotoMilitary
© twitter.com/RuPhotoMilitary
© twitter.com/RuPhotoMilitary

Украинаның Луганск облысындағы Ровеньки жергілікті аумағына жақын "Град" реактивті атқыш жүйесінен атқылаған оқтардан жұма күні таңертең 19 украин әскериі көз жұмып, тағы 93-і жарақат алған. бронды техникалардың көзіжойылған. Бұл ақпаратты Ұлттық гвардия жанындағы ақпараттық қауіпсіздік басқармасының жетекшісі Юрий Стець "Украинская правдаға" жеткізген.

Басылымның жазуына қарағанда, соңғы тәулікте жалпы саны 23 әскери қаза болған. Алдында украиндық БАҚ-тар Должанский өткізу пункті маңында екі әскери мен екі шекарашаның қаза тапқандығы туралы хабарлаған.

Жұма күні Ішкі істер министрінің басшысы Зорян Шкиряк: "украин әскерилеріне "Град" зымыран жүйесі арқылы оқ жауғанын, шамамен 30 адам көз жұмғанын мәлімдеген. Юрий Стець бұл ақпараттың қайдан шыққандығын нақтылайтынын айтқан.

УНИАН агенттігінің мәліметі бойынша, украин әскерилері украин-ресейлік шекараға жақын орналасқан Зеленополье ауылы маңында қаза тапқан. Олар мемлекеттік шекараның белгілі бір аумағын қорғауға бағыт алған болатын.

"Алдын ала белгілі болған мәліметтер бойынша, сарбаздар 15 шақырымнан оқ атқан. Оған жауап ретінде әуеден оқ жауған. "Град" БМ-21 реактивті жүйесінің жойылғандығы туралы ақпарат әлі де нақтылану үстінде" - деп хабарлайды ақпарат агенттігі.

Украина президенті Петр Порошенко ресейлік "Град" құрылғысынан қаза болған әскерилер өліміне қатысты өз пікірін жария етіп үлгерген. "Әр әскериіміздің өмірі үшін олар өзінің ондаған, жүздеген солдатымен жауап береді. Бір де бір лаңкес жауапқа тартусыз қалмайды, әрқайсысына жазасы кесіледі" - деп келтіреді Президент сөзін баспасөз қызметіндегілер.

Дегенмен РИА Новости жұма күні  Перевальск қаласы аумағында "Луганск сарбаздары украин әскерінің ұшқышын қолға түсіргендерін айтады. Ол жайында агенттікке өз-өзін Луганск Халық республикасы деп жариялағандардың баспасөз өкілі Оксана Чигрина жеткізген.

Алдында ЛХР басшысы  Валерий Болотов таяу күндері өз авиациясы болатындығын мәлімдеген."Россия-24" телеарнасы эфирінде ол бір әскери қақтығыс барысында  Су-25 ұшағы, бронды техникалары, сонымен қатар Т-62 танкісін қолдарына түсіргендерін айтқан.

Еске сала кетелік, 5 шілдеде украин әскери күштері Славянск пен Краматорскіні өз бақылауына алған болатын. Келесі тараптың сарбаздары Донецк пен Луганскіге қарай шегінуге мәжбүр болған. Ұлттық қауіпсіздік қызметінің басшысы Михаил Ковал  Донецк пен Луганскіні толықтай қоршап алып, "лаңкестердің өздігінен берілуіне мәжбүрлейтіндіктерін" мәлімдеген.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай