28 ақпан 2022 14:55

Украина делегациясы Ресеймен келіссөз өтетін жерге келді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Беларусьтің Гомель облысындағы Ресеймен келіссөз өтетін жерге Украина делегациясы тікұшақпен келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


Беларусьтің Гомель облысындағы Ресеймен келіссөз өтетін жерге Украина делегациясы тікұшақпен келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Онда тек екі тікұшақ келгені хабарланды. Онда Киев өкілдері болуы керек.

Украина президенті кеңсесінің мәліметінше, делегация құрамында: қорғаныс министрі Алексей Резников, "Слуга Народа" фракциясының жетекшісі Давид Арахамия, сыртқы істер министрінің орынбасары Николай Точицкий, Президент кеңсесі басшысының кеңесшісі Михайло Подоляк, Жоғарғы Раданың депутаты Рүстем Умеров пен Үшжақты байланыс тобындағы Украина делегациясы басшысының бірінші орынбасары Андрей Костин бар. 

Айта кетейік, кеше, 27 ақпанда Украина президенті Владимир Зеленский келіссөздер туралы пікір білдірген болатын. Зеленский екіжақты келіссөз нәтижелі болатынына сенбейтінін, бірақ әрекет етіп көру керегін айтты. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети