Украина қорғаныс министрлігі әскерилерге Қырымда қару қолдануға рұқсат берді

19 Наурыз 2014, 10:14
0
Украинаның Қорғаныс министрлігі украиндық әскерилерге Қырымда қару қолдануға рұқсат берді, деп хабарлайды УНИАН ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Украина Қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, бұл шешім Симферопольда Украинаның қарулы күшінің жедел қамтамасыз ету бас басқармасының 13-ші фотограмметриялық орталығын әлде біреулер басып алмақ болғанда украиндық әскерилердің қаза табуына байланысты шығарылған. Ол кезде украиндық екі әскери қызметкер де жарақаттанған болатын. Украинаның Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, орталыққа шабуыл жасағандардың үстінде Ресей қарулы күшінің әскерилері киетін киім болған және қолдарында автоматты қарулар болған.

"Қырыминформ" басылымы Қырымның ІІД сілтеме жасай отырып, әскерилер арасында болған атыс кезінде Симферопольда қырымдық өзін өзі қорғау жауынгерлерінен бір адам және украин әскерінің бір сарбазы қаза тапса, нақ осы екі салалардың тағы екі жауынгері жараланғанын жариялады. Басылымның мәлімдеуінше, қарулы атыс украин әскери бөлімшесі мен өзін өзі қорғау жауынгерлері шоғырланған жерде қатар жүрген.

Еске саламыз, наурыздың 18-і күні Ресей Президенті Владимир Путин және Қырым басшылары Қырым мен Севастопольды РФ құрамына қосу туралы келісімге қол қойған болатын. Бұл тұрғыда Украина билігі өткізілген референдумды заңсыз деп тауып, келісімді мойындаудан бас тартқан болатын.

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай