02 тамыз 2014 12:58

Украина қорғаныс министрлігі баллистикалық зымыранның барын жоққа шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Точка" зымыран кешені. Сурет joinfo.ua сайтынан алынған "Точка" зымыран кешені. Сурет joinfo.ua сайтынан алынған

"Украина қорғаныс министрі Валерий Гелетей Украинаның радиусі орташа қашықтықтағы баллистикалық зымыран қолданғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды" деп хабарлайды Tengrinews.kz "Укринская правда" ақпарат құралына сілтеме жасап.


"Украина қорғаныс министрі Валерий Гелетей Украинаның радиусі орташа қашықтықтағы баллистикалық зымыран қолданғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды" деп хабарлайды Tengrinews.kz "Укринская правда" ақпарат құралына сілтеме жасап.

"Шустер-Live" бағдарламасының эфирінде Украина қорғаныс министрі "Украинада ондай баллистикалық зымыран жоқ. Ондай табиғатында болған емес" деп мілімдеді.

Бұған дейін АҚШ барлау қызметіне сілтеме жасаған американдық CNN телеарнасы украин армиясының елдің шығысындағы жасақшыларға қарсы жақын қашықтықта пайдаланатын баллистикалық зымыран қолданғанын хабарлаған еді. Әңгіме әрекет ету радиусы 90 шақырым, оқтұмсығының салмағы 453 килограмм болатын зымыран туралы болған еді.

Кейінірек Киевтің баллистикалық зымыран қолданғаны туралы ақпаратты Брюсселдегі НАТО-ның штаб-пәтерінде де растады. Десе де НАТО штаб-пәтерінің баспасөз қызметінің өкілі бұл ақпараттың АҚШ барлау қызметінен алынғанын алға тартып, қосымша ақпарат бермен болатын. Алайда Украинаның НАТО-дағы Миссиясы бұл ақпаратты "жасанды" деп мәлімдеді.

"Соңғы уақытта НАТО-ның баспасөз қызметі және халықаралық саяси директорат хатшылығы, Альянстың әскери структурасы Украинаның қандай да бір қару қолданғаны туралы түсінік берген емес. Демек бұ жалған ақпарат" дейді Украинаның НАТО-дағы Миссиясы.

 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети