26 ақпан 2014 09:44

Украина ІІМ "Беркут" арнайы жасағын таратты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет telegraf.com.ua сайтынан алынған Сурет telegraf.com.ua сайтынан алынған

"Украина Ішкі істер министрі міндетін атқарушы Арсен Аваков "Беркут" арнайы жасағын таратты. Бұл туралы Украина ІІМ басшысы өзінің Facebook парақшасында жазды" деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты. "25 ақпан 2014 жылы "Милицияның азаматтық қауіпсіздік арнай жасағы "Беркутті" тарату туралы №144 бұйрыққа қол қойдым" деп жазады Украина ІІМ басшысы. Аваков 26 ақпан күні өтетін арнайы брифингте мән-жайды толығырақ айтуға уәде еткен. Естеріңізге салсақ, Украина ІІМ-нің бұрынғы басшысы Виталий Захарченко 21-ақпанда қызметінен кеткен болатын. Оның міндетін атқару "Батькивщины" партиясының депутаты Арсен Аваковқа жүктелді. Соңынан өз қызметіне есеп берген Украина ІІМ басшысы бірінші күні-ақ шеруге қатысқан 64 адамды қамаудан босатқанын жеткізді. Одан өзге, Украина ІІМ басшысы бұрынғы құрамды таратып, жаңа құрам жасақтағаны туралы мәлімдеді. Сондай-ақ ол, соңғы уақытта орын алған оқиғаларға байланысты министрлік пен облыстық ІІБ қызметкерлерінің бірқатарына қатысты қызметтік тексеру тағайындаған. Украинадағы саяси дағдарыс 2013 жылдың қарашасында, Үкімет евроинтеграцияны тоқтатқаны туралы хабарлағанда туындаған болаты. Киевтегі тәртіпсіздіктер 2014 жылдың 18 ақпанында, Жоғарғы Раданың отырысында оппозиция өкілдері 2004 жылғы конституцияны қалпына келтіру, парламенттік-президенттік басқаруға көшу туралы талап қойып жатқанда қайта жаңғырды. Тәртіпсіздік салдарынан 82 адам қайтыс болып 726 адам жарақаттанған, олардың 491 ауруханаға жатқызылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети