01 наурыз 2022 21:55

Украина мен Ресей арасындағы келіссөзде қандай талап қойылғаны белгілі болды - БАҚ

© Reuters © Reuters

Украина және Ресей арасындағы қақтығысты тоқтату бойынша келіссөз кезінде Мәскеу Киевке бірнеше талап қойған. Бұл туралы "Главком" басылымы украиналық дипломатиядағы дереккөздерге сілтеме жасап мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Украина және Ресей арасындағы қақтығысты тоқтату бойынша келіссөз кезінде Мәскеу Киевке бірнеше талап қойған. Бұл туралы "Главком" басылымы украиналық дипломатиядағы дереккөздерге сілтеме жасап мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Атап айтқанда, агрессор ел Украинаның референдум арқылы парламенттік деңгейде бекітілген блоктан тыс мәртебесін, Ресей "ЛДХР" деп атайтын Донецк және Луганск облыстарының жекелеген аудандарын тануды, деназияландыруды, Украина қайтаруды талап етіп отырған Қырым болашақта жақшаның ішінен жасалған келісімде жасалады", - деп жазды басылым.

Украина келесі кездесуге дейін "тыныштық режимін" сұраған. "Алайда ресейлік тарап оны орындауға уәде бере алмады. Атап айтқанда 1 наурызда Харьковтегі алаңда әуе шабуылы болды", - деп жазды басылым.    

Сонымен қатар, Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Алексей Арестович "Настоящее Время" эфирінде Киевтің Ресей делегациясымен келіссөздердегі шарттары - атысты тоқтату және барлық Ресей әскерін Украинадан шығару екенін айтты.

Арестовичтің сөзіне, бұған дейін Украина келіссөзге қарсы болған, себебі ресейлік тарап "алдымен шегінуді талап етіп, артынан сөйлесетінін айтқан".

"Біз кеңседе бір күліп алдық та алғаш ұсынғанда келіссөзден бас тарттық. Екінші рет сұрағанда бұған дейінгі талапты алып тастайтындарын айтты, біз келістік", - дейді кеңесші. 

Келіссөздер туралы сұрақ қойылғанда кеңесші "мұны келіссөз деп айта алмайтынын" айтты. Оның сөзінше, Киев үшін бұл ақылдасу ғана болған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети