28 мамыр 2022 09:50

Украина толықтай мемлекеттігін жоғалтып, Польшамен бірігеді - Янукович

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Украинаның Ресейге қашып кеткен экс-президенті Виктор Янукович Украина мемлекеттігін жоғалтатынын айтып, мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Украинская правда" басылымына сілтеме жасап.


Украинаның Ресейге қашып кеткен экс-президенті Виктор Янукович Украина мемлекеттігін жоғалтатынын айтып, мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Украинская правда" басылымына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Киевтің Варшавамен жақындастығы Украина мен Польшаның бірігуіне әкеледі. Бұл туралы Facebook-те экс-президенттің баспасөз хатшысы Юрий Кирасир жариялаған мақалада айтылған.

"Бүгінде бұл туралы жазу қаншалықты ауыр болса да, Украинаның мемлекеттігіне аса үлкен қауіп төніп тұр. Ол толықтай жойылып кетуі мүмкін. Сонымен бірге, бұл жерде елдің оңтүстігінде және шығысында үлкен аумақтарды жоғалту қаупі туралы ғана айтып отырғаным жоқ.

Оның батыс шекараларында да жағдай оңай емес. Польша 1939 жылдың қыркүйегіндегі жағдайдан басқасын да есте ұстайды. Ол 1923 жылдың наурыз айында, Парижде Антанта мемлекеттерінің елшілері екінші Достастық құрамына Шығыс Галисия мен Волынаның батыс бөлігін қосқан кез де оның есінде.

Польшамен қазіргі ситуациялық жақындасу Украинаның онымен нақты бірігуге келісуге мәжбүр болуы мүмкін жағдайға тап болады, өйткені оның егемендігін қорғауға экономикалық дәрменсіздік қаупі болады. Бұл украин халқы өзінің соңғы майданына шыққан еуропалық арманның орындалуының нәтижесі болды", - делінген хат мәтінінде.

Януковичтің пікірінше, Украина Мәскеумен келіссөздер үстеліне отыруға мәжбүр болады, бұған оны Батыс да, АҚШ та итермелейді.

"Ештеңе мәңгілікке созыла алмайды және бұл жағдайда Украинаға қару-жарақ жеткізу де тоқтайды", - делінген Януковичтің үндеуінде.

Виктор Янукович - Украинаның төртінші президенті. 2014 жылдың ақпан айында елдегі саяси дағдарыс кезінде биліктен шеттетілді. Саясаткер Ресейге қашып кетті. Содан кейін Украинада Януковичке қатысты көптеген қылмыстық іс қозғалды. 2019 жылы Янукович Украинада мемлекетке опасыздық жасағаны үшін сырттай 13 жылға сотталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети