Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 325.00
EUR / KZT - 362.80
CNY / KZT - 47.57
RUB / KZT - 5.50

Украинада бүлікті кәсіби жауынгерлер ұйымдастырған

19 Ақпан 2014, 15:37
0
Федерация Кеңесінің халықаралық істер жөніндегі комитетінің төрағасы Михаил Маргелов. ©РИА Новости
Федерация Кеңесінің халықаралық істер жөніндегі комитетінің төрағасы Михаил Маргелов. ©РИА Новости
Ресейлік сенатор Михаил Маргелов Украинада тәртіпсіздікті көше ұрысының кәсіпқойлары ұйымдастырды және бұл бүлік халық наразылығының көрінісі емес деп есептейді. Бұл туралы Tengrinews.kz "РИА Новости"-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Сенатордың айтуынша, бүлік пен атысты кәсіби жауынгерлер басқарып отыр. Украинадағы ахуалға қатысты түсінік берген ол ұйымдастырушылардың жоғары деңгейде дайындалғанын айтты. "Олар құқық қорғау күштеріне мейлінше баппен әрі аса жатық деңгейде шабуылдады, қалқан арсеналын, каскалар мен шоқпарлар қорын да солай толықтырып отырды, "Молотов коктейлін" өртегіш майға айналдыра білді. Ұрыс әрекеттерінен оның жақсы ұйымдастырылғаны көрініп тұр. Майдан Львов, Тернополь, Ивано-Франковск провинцияларында белең ала бастады. Ол жерлерде билік кеңселерін ғана емес, милиция бөлімшелерін де басып алып, "Беркут" жауынгерлерінің қаруын тартып алып жатыр", - дейді Маргелов.

Маргелов оппозиция жетекшілерінің, атап айтқанда, "Удар" партиясы басшысы Виталий Кличко мен "Батькивщина" жетекшісі Арсений Яценюктің мұндай әскери тәжірибесі жоқ екенін баса айтты. "Олардың міндеті - Батыспен оппозициялық үкімет құру мен конституциялық реформа жасауды бірлесе жоспарлау, сол үшін оларға батыстан қаржылай көмек келеді", - дейді ол. Сенатор елдегі ахуалдың соңын болжаудың қиын екенін айтады. Өйткені Украина қоғамы екіге бөлініп отыр.

Еске салайық, 18 ақпан күні шала бүлінген Украинада тәртіпсіздік қайта күшейді. Радикалдар Киевте әкімшілік ғимараттарды басып алып, милицияға шабуыл жасады, көшелердің астан-кестенін шығарды. Бүлікшілер қарулы қақтығысты оппозицияның Жоғарғы Радада парламенттік-президенттік басқару жүйесін талап ететін күніне әдейі орайластырған.



Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай