Украинада евроинтеграцияны жақтаушылар судьяны өлтірді

12 Ақпан 2014, 20:36
0
Украинада евроинтеграцияны жақтаушылар судьяны өлтірді - © REUTERS
© REUTERS
"Украинада евроинтеграцияны жақтаушылар қалалық кеңесті басып алғандарға қатысты үкім шығарған судьяны өлтірді" деп хабарлайды Tengrinews.kz "Вести.Ru" сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 11 ақпанда Полтава облысының Кременчуг қаласында болған. Белгісіз екі адам Автозавод аудандық сотының судьясын үйіне жақын маңда өлтіріп кеткен. 34 жасар судья Александр Лободенко оқтан болған жарақаттан 12 ақпанға қараған түні ауруханада көз жұмды. Судья 2014 жылы қалалық кеңесті басып алмақшы болған шерушілердің белсенділеріне қатысты үкім шығарған.

Тергеу өлтіру себебінің бірнеше нұсқасын алға тартып отыр. Негізгісі – кәсіби қызметімен байланысты. "Қайтыс болған судья таяуда ғана евроинтеграция жақтаушыларына қатысты үкім шығарған. Олар қаңтар айында қалалық кеңесті басып алуға қатысқан" - дейді Украина ІІМ.

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай