19 ақпан 2014 14:15

Украинада қаза тапқандар арасында шетелдіктер жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Украинадағы тәртіпсіздік кезінде зардап шеккендердің арасында шетелдіктер жоқ. Бұл туралы Tengrinews.kz "РИА Новости"-ге сілтеме жасап хабарлайды. Дәрігерлердің мәліметінше, бүлік кезінде барлығы 351 адамға медициналық жәрдем көрсетілген, олардың 240-тан астамы ауруханаға жатқызылды. Қаза тапқандар қатарының 25-ке жеткені туралы ақпарат бар. "Зардап шеккендердің арасында шетел азаматтары жоқ", - делінген Украина Денсаулық сақтау министрлігі таратқан хабарламада. Еске салайық, мұның алдында Украинада радикалдардың құқық қорғау органдарымен қақтығысының шиеленісе түскені хабарланған еді. Оппозицияның радикал пиғылдағы жақтастары Львов облыстық милициясының ғимаратын басып алды. Бүлікшілер ғимарат маңындағы көшелерді де жауып тастаған. Сонымен бірге, радикалдар Львов облыстық әкімшілігі мен прокуратурасының ғимаратын да басып алды. Екі мыңға жуық адам құқық қорғау қызметкерлеріне шабуыл жасаған. Түс кезіндегі мәлімет бойынша, қақтығыс кезінде 30-дан астам әскери жараланған. Ал қаза тапқандардың арасында жеті милиционер мен бір журналист бар. Бүлікшілер ел Конституциясына өзгеріс енгізіп, парламенттік-президенттік басқаруға көшуді талап етіп отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети