Украинада қоқыс контейнерімен қорлаушылар тұңғыш рет әйел адамға тиісті

02 Қараша 2014, 22:20
1
Украинада қоқыс контейнерімен қорлаушылар тұңғыш рет әйел адамға тиісті - ©O-TV
©O-TV

Украинада "қоқыс люстрациясы" аталып кеткен шара жалғасып жатыр. Радикалдар саясаткерлерді қоқыс контейнеріне салып, сот шешімінсіз көпшілік алдында қорлайды. Жуырда мұндай кемсітушілікке тұңғыш рет әйел адам тап болды. Vesti-ukr.com-ның хабарлауынша, белсенділер қоқыс контейнеріне Кривой Рог әкімшілігінің өкілі - атқару комитетінің заң басқармасының бастығы Виктория Гожийді салып жіберді. Оған Украинаның бұрынғы вице-премьері Александр Викулмен бірге сыбайлас жемқорлыққа барды деген кінә тағылды.

Қорлау шарасы Днепропетровскіде әкімшілік апелляциялық сот ғимараты алдында болды. "30-ға жуық ірі денелі жігіт алдымен ер адамды "люстрацияға" ұшыратты, кейін әйелге ауысты. Тобыр шенеуніктерге жұмыртқа лақтырып, ұн шашты, дөрекі сөздер айтты. Оқиғаны видеоға түсірді", - деп хабарлайды басылым.

Видео кадрлерінен өшіккен ер адамдардың әйел адамды қоршап алып, оны контейнерге салғанын, кейін оның қақпағын жапқанын көруге болады. Содан кейін қоқыс контейнерінің қақпағын ұрғылай бастайды. Милицияның мәліметінше, шенеуніктерге дене жарақаты келтірілмеген. Құқық қорғау органдары "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Белсенділердің кінәсі дәлелденсе, төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.  


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай