04 қараша 2014 22:04

Украинаның сыртқы істер министрлігі Ресейге нота жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz мұрағатынан Фото Tengrinews.kz мұрағатынан

Украина сыртқы істер министрлігі, Донбастағы қаруланғандарды әскери қолдағаны үшін Ресей сыртқы істер министрлігіне нота жіберді, - деп хабарлайды  РИА Новости.


Украина сыртқы істер министрлігі, Донбастағы қаруланғандарды әскери қолдағаны үшін Ресей сыртқы істер министрлігіне нота жіберді, - деп хабарлайды  РИА Новости.

"Ресей Украинаға қаруланған, техникамен жабдықталған әскер жіберуін жалғастырып жатыр. Кеше Украина сыртқы істер министрлігі сыртқы саясатқа қатысты Ресей сыртқы істер министрлігіне нота жіберді", - деп мәлімдеді Украина сыртқы істер министрлігінің информсаясат департаментінің директоры Евгений Перебийнис.

Перебийнистің айтуынша, нотада Украина Ресейдің мұндай әрекеттері БҰҰ-ның халықаралық заңдық нормаларына қарама-қайшы екенін көрсеткен.

Айта кету керек, осыған дейін Ресей Украинаның оңтүстік-шығысында болып жатқан ішкі қақтығыстарға қатысы жоқ екенін бірнеше мәрте мәлімдеген. Бұған  қатысты Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаның оңтүстік-шығысындағы қаруланғандарға әскери техника, оқ-дәрі және басқа көмектерді жеткізбегендерін, осы арада Ресейді кінәлауға негіз жоқтығын айтқан болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети