Украиндықтардың 54,7 пайызы Петр Порошенкоға дауыс берген

29 Мамыр 2014, 19:16
0
Украиндықтардың 54,7 пайызы Петр Порошенкоға дауыс берген - Петр Порошенко. ©REUTERS
Петр Порошенко. ©REUTERS

Украинадағы президент сайлауының қортындысы бойынша 100 пайыз бюллетеньнің 54,7 пайызы Петр Порошенкоға дауыс берген, - деп хабарлайды РИА Новости сайты Украина орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.

Экс-премьер Юлия Тимошенко 12,81 пайызбен Порошенкодан кейінгі екінші орынға табан тіреген. Үшінші орынға 8,32 пайыз дауыспен Украинаның Радикалды партиясының көшбасшысы Олег Ляшко көтерілді.  

Естеріңізге саламыз, Украинадағы президент сайлауы 25 мамыр күні өтті. Бұған дейін Астана мен Алматы қалаларындағы сайлау учаскелері арқылы дауыс берген еліміздегі украин азаматтардың басым көпшілігі Петр Порошенкоға сенім білдіргенін хабарлаған болатынбыз.  Укрианадағы сайлауды ЕҚЫҰ (OSCE) ұйымы демократиялық құндылықтарға сай өтті деп баға берген еді. Қазақстан мемлекеті бұл сайлау нәтижесінде украин билігі мен елдегі саяси күштер диологқа келіп, әлем алдында бейбітшілік жолға түсетініне сенім білдірді. Мұнымен қоса, Украинадағы жағдайларға қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев өз ойын білдіріп, Порошенконың бұл қадамын "тәуекелшілдік" деп бағалаған болатын. 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай