29 тамыз 2021 09:51

Ұлыбритания Кабулдан 170-тен аса жануарды эвакуациялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Twitter/Pen Farthing. Фото: Twitter/Pen Farthing.

Ұлыбритания Қорғаныс министрлігінің Twitter-дегі парақшасында Ұлыбритания Кабулдағы үйсіз жануарларға арналған панадан 173 ит пен мысықты эвакуациялағанын мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлыбритания Қорғаныс министрлігінің Twitter-дегі парақшасында Ұлыбритания Кабулдағы үйсіз жануарларға арналған панадан 173 ит пен мысықты эвакуациялағанын мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жануарларды эвакуациялау операциясы "Нұх кемесі" деп аталды. БАҚ мәліметінше, жануарлар панасының кей қызметкеріне эвакуациялық ұшаққа отыруға тәліптер рұқсат бермеген және олар отбасы мүшелерімен бірге Ауғанстанда қалуға мәжбүр болған.

Эвакуацияланған барлық жануар Кабулда ұлыбританиялық бұрынғы әскери қызметкер Пен Фартинг ұйымдастырған Nowzad панасында болған. Ол Ауғанстан жануарларын құтқаруды 2006 жылы бастаған. БАҚ мәліметінше, ол көшеде жүрген итті асырап алған, ал ол ұрыстағы серіктесіне айналған. Сөйтіп, 2007 ол иттер мен мысықтарға көмектесетін қор ашқан. 

Сонымен қатар, Ұлыбританияның Ауғанстандағы елшісі Лори Бристоу Ауғанстаннан ұлыбританиялықтарға көмектескен бейбіт тұрғындарды, сарбаздар мен ауғандарды эвакуациялау операциясы аяқталғанын айтты. 13 тамыздан бері 15 мыңға жуық бейбіт тұрғын мен мыңдаған әскери қызметкер эвакуацияланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети