1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Ұлыбритания тұрғыны лотереяден 123 миллион фунт стерлинг ұтып алды

© twitter.com/UK_EuroMillions © twitter.com/UK_EuroMillions

Ұлыбритания тұрғыны лотереядан 123 миллион фунт стерлинг көлемінде джекпот ұтып алды, - деп хабарлайды Lenta.ru.

The Mirror ақпараты бойынша, бұл көлемі бойынша елдегі үшінші үлкен ұтыс. 

EuroMillions лотереяның жеңімпазы қажетті 7 нөмірді (5 негізгі және 2 қосымша) дәл тапқан. Бұл лотереяның билеттері 2,5 фунт стерлинг тұрады. Қатысушы 1-ден 50-ге дейін бес санды және 1-ден 12-ге дейін екі санды дәл табуы қажет. 

EuroMillions әлемнің тоғыз елінде ұйымдастырылады. Биыл ақпанда ирландиялық Нол ауылының тұрғыны осы лотереядан 153 миллион фунт стерлинг ұтып алған болатын.