21 тамыз 2022 09:44

Ұлыбританияда ер адам итті тістегені үшін түрмеге қамалды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тelegraph Тelegraph

Ұлыбританияда 34 жастағы Мэттью Боултер полицейге шабуыл жасап, қызметтік итті тістеп алған. Ол бұл істері үшін түрмеге қамалды, - деп хабарлайды Telegraph.


Ұлыбританияда 34 жастағы Мэттью Боултер полицейге шабуыл жасап, қызметтік итті тістеп алған. Ол бұл істері үшін түрмеге қамалды, - деп хабарлайды Telegraph.

Басылым мәліметінше, оның көршілері полицияға шағымданған. Ер адам бірнеше адамға шабуыл жасаған. Оқиға орнына полицейлер барған, бірақ ол жай берілгісі келмеген. Кейін Ксандер атты қызметтік ит офицерге көмекке жүгірген. Ал Боултер иттің басынан тістеп алған.

Ақыр аяғында тәртіп бұзушы қамауға алынған. Кейін оған үш адамға, оның ішінде полиция қызметкеріне шабуыл жасағаны, жануарға шабуылдағаны үшін айып тағылған. Сот ер адамды түрмеге жапқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети