12 сәуір 2019 15:17

Ұлыбританияда гольф алаңына ұшақ құлап, бір адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: © Flickr/Elliott Brown Фото: © Flickr/Elliott Brown

Ұлыбританияның Саутпорт қаласындағы Мерсисайд графствосында белгісіз жағдайда жеңілмоторлы ұшақ гольф алаңына құлап, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Life.ru сайтына сілтеме жасап. 

Құқық қорғаушылардың ақпараты бойынша, кешкі 19:00 шамасында Royal Birkdale гольф-клубына жеңілмоторлы ұшақ құлап, бірден отқа оранған. Апат салдарынан ұшқыш қаза тапты, қазір оның аты-жөні анықталып жатыр. 

Оқиға орнына жедел жәрдем және өрт сөндіру көліктері келген, полиция аумақты жауып тастады. Оқиғаға байланысты тергеу басталды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети