13 қазан 2021 12:27

Ұлыбританиялық отбасы ежелгі мүсіндерді бақша мүсіні ретінде қолданған

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

bid.manderauctions.co.uk bid.manderauctions.co.uk

Ұлыбританиядағы аукционда 200 мыңнан астам долларға ежелгі Египет мүсіндері сатылды, олар ұзақ уақыт бойы бақша мүсіндері ретінде пайдаланылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail сайтына сілтеме жасап.


Ұлыбританиядағы аукционда 200 мыңнан астам долларға ежелгі Египет мүсіндері сатылды, олар ұзақ уақыт бойы бақша мүсіндері ретінде пайдаланылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail сайтына сілтеме жасап.

Mander Auctions аукцион үйі 265 510 долларға бірнеше тас мүсінін сатты. Бұл - мыңдаған жыл бойы сақталған, ежелгі мысырлық жәдігерлер. Бірақ бақша мүсіні ретінде пайдаланған адамдар бұл туралы білмеген. Қазір зерттеушілер мүсіндер нақты қанша жыл сақталғанын анықтауға тырысып жатыр, олар - шамамен 5 мың жаста.

Mander Auctions

Сауда 410 және 680 доллардан басталған, бірақ 15 минут ішінде төрт телефон сатушы мен онлайн сатып алушылар алғашқы бағаны 200 000 долларға көтерген.

Мүсіндерді сурет галереясы сатып алып, мұражайға қояды деп жоспарланып отыр. Суффолк округінен келген отбасы ежелгі жәдігерді сатуға шешім шығарған. Ерлі-зайыптылар мүсіндерді 15 жыл бұрын аукционда сатып алған, сатушы олардың 18 ғасырда жасалған ежелгі Египет реликтерінің көшірмелері екенін айтқан. Мүсіндердің бірі бөлініп, бұрынғы иелері басын денеге цементпен жапсырып қойған.

Mander Auctions аукционы өкілдері ХVIII ғасырда Гранд-тур кезінде ұлыбританиялықтар Еуропаны аралап, заттар сатып алғанын, бәлкім, мүсіндерді сол жерден сатып алуы мүмкін екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети