24 мамыр 2022 11:07

Ұлыбританиялық тұрғын 95 жасында үйленді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Уэльстік зейнеткер алғаш рет 95 жасында үйленген. Бұл туралы жергілікті Wales Online басылымы жазды. Әйелі күйеуінен 11 жас кіші, олар 23 жыл бұрын кездескен, - деп хабарлайды gazeta.ru


Уэльстік зейнеткер алғаш рет 95 жасында үйленген. Бұл туралы жергілікті Wales Online басылымы жазды. Әйелі күйеуінен 11 жас кіші, олар 23 жыл бұрын кездескен, - деп хабарлайды gazeta.ru

Неке қию рәсімі шіркеуде өткен. Онда 1999 жылы Джулиан Мойл алғаш рет Валери Уильямспен кездескен. Қалыңдықтың сөзінше, бұл жайт бір күні боларына сенбеген, бірақ қазір төбесі көкке жеткендей әсерде екен. 

"Бұған әлі сене алмаймын", - деді Валери.

Джулианнан 95 жасында үйлену қалай екенін сұрағанда, ер адам бұл оқиға жаңа жылды еске түсіретінін, өмірі жаңа парақтан басталғандай әсерде екенін айтқан.

"Валери өте мейірімді және жомарт", - деді Мойл әйелі туралы.

Жұбайлардың айтуынша, олар бал айын Джулианның отаны Аустралияда өткізуді жоспарлап отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети