15 наурыз 2021 13:32

Үндістан алтын-валюта қоры бойынша Ресейді басып озды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Үндістан алтын-валюта қорының мөлшері бойынша әлемде төртінші орынға шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 


Үндістан алтын-валюта қорының мөлшері бойынша әлемде төртінші орынға шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Үндістанның Орталық банкінің деректеріне сәйкес, қазіргі алтын-валюта резервінің көлемі 580,29 миллиард долларға жеткен, бұл ретте шетел валютасындағы активтер - 539,6 миллиард, алтынмен - 34,2 миллиард болды. 

Ал Ресейдің Орталық банкі 5 наурызда жариялаған соңғы мәліметке сәйкес, елдің алтын-валюта резерві 580,1 миллиард болып, әлемде бесінші орынға тұрақтады.

Алтын-валюта резервтерінің көлемі бойынша бірінші орында Қытай, одан кейін Жапония мен Швейцария тұр.

2020 жылы желтоқсанда Қазақстанның алтын-валюта резервтері өскені хабарланған болатын. Қарашада олардың көлемі 33,6 миллиард долларға жетті. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,8 пайызға көп. Сонымен қатар, бес жыл ішінде ел 215 тоннадан аса қымбат металл сатып алғаны атап өтілді.

Қазақстан Ұлттық банкінің деректеріне сәйкес, 2021 жылғы ақпанның соңындағы жағдай бойынша, елдің алтын-валюта активтері бір айда 800 миллион АҚШ долларына төмендеп, 34,7 миллиард доллар болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети