24 мамыр 2021 10:04

Үндістанда "қара зең" жұқтырған мыңдаған адам көзінен айырылды - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Reuters Фото: Reuters

Үндістанда дәрігерлер коронавирус салдарынан "қара зең" (мукормикоз) жұқтырған мыңдаған адамның бір немесе екі көзін де алып тастауға мәжбүр болды. Процедура зең ауруын жұқтырғандардың шамамен 60 пайызына, яғни басым бөлігіне жасалған. Бұл туралы ұлыбританиялық Daily Star басылымы жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Үндістанда дәрігерлер коронавирус салдарынан "қара зең" (мукормикоз) жұқтырған мыңдаған адамның бір немесе екі көзін де алып тастауға мәжбүр болды. Процедура зең ауруын жұқтырғандардың шамамен 60 пайызына, яғни басым бөлігіне жасалған. Бұл туралы ұлыбританиялық Daily Star басылымы жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басылым Анила Ванкхеда есімді науқастың оқиғасын жазған. 54 жастағы ер адам COVID-19 жұқтырып, ауруханадан емделіп шыққаннан кейін басы ауырып, оң көзі ісіп кеткен. Кейін оған мукормикоз диагнозы қойылған. Дәрігер оны емдеудің жалғыз жолы көз қуысы мен оң көзді алып тастау екенін айтқан. 

"Біз мұны барлық тінімен, тамырымен жоймасақ, инфекция миға шауып кетуі мүмкін. Ол кезде біз олардың өмірін сақтап қала алмаймыз", - деді дәрігер Акшай Наир.

Дәрігер Мурарджи Гаддждың айтуынша, "қара зеңнің" кесірінен тіпті 20 жастағы науқастардың да көзін алып тастауға тура келіп жатыр.

Бұл дерт басталар кезде алдымен мұрыннан су ағу, беттің аздап ұйып қалуы, көздің ісінуі немесе бастың ауруы байқалады, сондықтан, оны жұқтырғандар дәрігерге тым кеш барады.

"Қара зең" иммунитеті тым әлсіз адамдарға тез жұғады, сонымен қатар, қосалқы ауруы барларға, мысалы - диабет және стероидтар қабылдайтындар үшін де қауіп жоғары.

Биліктің мәліметтері бойынша, Үндістанда "қара зең" жұқтырғандар саны 9 мыңға жуықтаған. Жұқтырғандардың басым бөлігі Гуджарат штатында (2 281 адам). Сонымен қатар, инфекция ошағы Махараштра, Андхра-Прадеш және Телангана штаттарында да бар.

Мукормикоз - зең ауруы. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол коронавирустың қосалқы әсерінен пайда болып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети