10 наурыз 2018 11:11

Үндістанда леопардтың адамдарға шабуылдаған сәті видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Үндістанда адасып қалған леопард адамдарға шабуыл жасады, деп хабарлады РИА Новости агенттігі Times of India басылымына сілтеме жасап.


Үндістанда адасып қалған леопард адамдарға шабуыл жасады, деп хабарлады РИА Новости агенттігі Times of India басылымына сілтеме жасап.

Агенттіктің хабарлауынша, жыртқыш аң үнділердің Индаур қаласына кіріп кетіп, адамдарға шабуылдай бастаған.

"Жыртқышты байқаған жергілікті тұрғындар полиция мен жануарлар бойынша мамандарды шақырды. Осыдан кейін олар салынып бітпеген үйдің ішінде леопардты тордың көмегімен ұстамақшы болды, бірақ жануар сыртқа шығып, ер адамды жаралады", - делінген жарияланымда.

Бірнеше сағаттан кейін зооқызметтің мамандары жыртқышты транквилизатордың көмегімен ұйықтатып тастады. Айта кетейік, леопард еркіндікке жіберіледі. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети