29 сәуір 2021 | 10:53

Үндістанда Twitter арқылы оттегі баллонын іздеген ер адам қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: REUTERS Фото: REUTERS

Үндістанда Twitter әлеуметтік желісін оттегі баллонын іздеу үшін пайдаланған ер адамға айып тағылды, - деп хабарлайды Zeenews India.


Үндістанда Twitter әлеуметтік желісін оттегі баллонын іздеу үшін пайдаланған ер адамға айып тағылды, - деп хабарлайды Zeenews India.

Шашанк Ядав есімді ер адам Twitter әлеуметтік желісіне оттегі баллоны қажеттігі туралы шағын хабарлама жариялап, жазбаға Болливуд актері Сону Судты белгілеген.

Жазба жарияланғаннан кейін Уттар-Прадеш полициясы ер адамды жергілікті тұрғындар арасында қорқыныш немесе үрей тудыру ниетімен оттегі жетіспеушілігі туралы қауесет таратты деп айыптаған. Ядав қал үстінде жатқан атасына оттегі баллонын іздегенін түсіндірсе де, құқық қорғау органдары оған қарсы қылмыстық іс қозғаған.

"Шашанк Ядав жалған ақпарат таратқаны үшін жауапқа тартылды", - деді полицияның аға офицері Арпит Капур.

Шенеуніктер Ядавтың атасы инфаркттан қайтыс болған және СOVID-19 жұқтырмаған деп мәлімдеді. Бірақ өлімнің мән-жайы анықталмаған.

Бұған дейін Үндістанда коронавирус өршіп тұрғаны хабарланған болатын. Үндістан премьер-министрі Нарендра Модидің айтуынша, елде "коронавирус өршіп" тұр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.27   530.83   5.01 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети