07 мамыр 2021 11:01

ҰОС кезіндегі мина байқаусызда жарылып екі адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: moigeroi.ru Фото: moigeroi.ru

Волгоград облысында іздеушілер тобы Ұлы Отан соғысы кезінде қойылған минаны байқаусызда жарып жіберді. Екі адам қаза тапты, олардың бірі жасөспірім, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Telegram-дағы Mash арнасына сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, 12 адамнан тұратын орынборлық "Память" отряды Самофаловка ауылының маңында қазба жұмыстарын жүргізіп, соғыс кезіндегі оқ-дәріге тап болған.  Жарылыс болды. Салдарынан 59 жастағы ер адам мен 15 жастағы жасөспірім қаза тапты.

Алдын ала болжам бойынша, минаға қазба жұмыстары кезінде күрек тиіп кеткен. 

Іздеушілер ресми түрде жұмыс істегені де хабарланды. Қайғылы оқиғадан кейін Волгоград облысының губернаторы Андрей Бочаров аймақтағы іздеу топтарының барлық жұмысын тоқтатуды бұйырды.

Қазіргі уақытта Ресей аумағында көптеген іздеу бөлімшесі жұмыс істейді, олар сарбаздардың жаппай жерленген жерлерін тауып, адамдарды анықтайды, кейін туыстарын іздестіреді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети